"Қант өндірісін 7 есе, 254 мың тоннаға дейін ұлғайту, қант импортын 32%-ға төмендету күтілуде, бұл ішкі нарықтың отандық өндірістегі қантпен қамтамасыз етілуін 7%-дан 43%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген нәтижелерді алу үшін 5-6 жыл ішінде субсидиялар мен жеңілдікті кредиттер беру арқылы мемлекеттік қолдау қажет", – деді Қарашөкеев.
Ол Қазақстанда жыл сайынғы қант тұтыну шамамен 532 мың тоннаны құрайтынын, оның ішінде отандық шикізат есебінен 7%-ды құрайтынын еске салды. Бұл өндірістің ұсақ сатылымына, суаруға судың жетіспеуіне, қант қызылшасын өсіру кезіндегі қол еңбегіне, қант зауыттарының тозуына, ресейлік өндірушілердің демпингктік бағасына байланысты.
Сумен қамтамасыз ету, егіс алқаптарын 14,5 мың гектардан 38 мың гектарға дейін кеңейту, саланы инфрақұрылымдық дамыта отырып, қант зауытын жаңғырту және жаңа зауыт салу – міне, АШМ осындай жобаларды іске асырып, жалпы өнім жинауды 332 мың тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлайды.