Елдегі негізгі алтын өндірушілер белгілі болды

566

ИИДМ 2022 жыл бойынша елдегі негізгі алтын өндірушілерді атады. 

Елдегі негізгі алтын өндірушілер белгілі болды Фото: yandex.kz

Былтыр елімізде өңделмеген алтын өндірісі 129,58 тоннаға дейін артты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) inbusiness.kz порталының ресми сауалына e-otinish платформасы арқылы берген жауабында хабарлады.

"2022 жылы Қазақстанда өңделмеген алтын көлемі 129,58 тоннаны құрады. "Тау-Кен Алтын" ЖШС, "Қазмырыш" ЖШС, "Қазақмыс” корпорациясы" ЖШС 73,21 тонна тазартылған алтын өндірді", - делінген министрліктің хатында.

Осыған дейін Астананың "Тау Кен Алтын" аффинаж зауыты 55,6 тонна алтын тазартылғанын хабарлады. "Қазмырыш" пен "Қазақмыстағыны” қоса есептегенде аффинаждауға 17,61 тонна тиесілі деуге болады.

"Өңделмеген алтын өндірісі (Доре қорытпасы, катодты және шлих алтыны) 2011 жылы 36,7 тоннаны құраса, ал 2021 жылы өндіріс көлемі ұлғайып, шамамен 118 тоннаға жетті. Тазартылған алтын өндіру көлемі 2021 жылы 65 тоннаны құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 4 есеге артық (16,6 тонна). Бүгінде ҚР Ұлттық Банкі тазартылған алтын сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру аясында шамамен 400 тонна тазартылған алтын жинады (2011 жылы – 5,3 тонна, 2012 жылы – 23 тонна, 2013 жылы – 23 тонна, 2014 жылы – 27,3 тонна, 2015 жылы – 31 тонна, 2016 жылы – 37,6 тонна, 2017 жылы – 44,2 тонна, 2018 жылы – 53,1 тонна, 2019 жылы – 54,2 тонна, 2020 жылы – 54,65 тонна, 2021 жылы – 55,6 тонна)", - деп атап өтті ведомство. 

Бұдан басқа салалық мемлекеттік орган KAZ Minerals әзірлеп жатқан Бозымшақ мыс-алтын кен орнына қатысты болуы мүмкін мамыр айынан бастап құрамында алтын бар кен мен концентратты әкетуге Қырғызстанның уақытша тыйым салуы туралы мәселеге пікір білдірді.

"Қырғызстандағы Бозымшақ кен орны KAZ Minerals тобының құрамына кіреді. Бүгінде Бозымшақ кен орнынан мыс концентратын Kaz Minerals тобының құрамына кіретін "Шығыстүстімет" ЖШС алады. Сатып алынған алтын мыс концентратын "Шығыстүстімет" ЖШС өзінің шикізаты ретінде толлинг негізінде "Қазақмыс”корпорациясы" ЖШС қайта өңдейді және тазартылған алтынды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Қазіргі уақытта KAZ Minerals Тобы Бозымшақ кен орнында келісімшартты бұзу туралы мәселені қарастырып отырған жоқ, осы тұста алтынды қайта өңдеу Қазақстанда жүзеге асырылатын болады", - деп түсіндірді ведомство.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу