Еліміздің батысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Көлік қозғалысы Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе өңірлерінде шектелді. Республикалық автожолдарда 429 арнайы техника мен 950 маман қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып жатыр.
Сонымен қатар, кешеден бастап Атырау өңірінде күннің күрт суып кетуіне байланысты Атырау-Астрахань тасжолы жабық.
Айта кетейік, биылдан бастап ескертуді елемей, жабық жолдарда көлік жүргізгендерге жаза қолданылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу