Сауалнамаға қатысқандардың 2,5%-ында – үй кинотеатры, 4,5% – радиоқабылдағыш, 12,4% – музыкалық орталық, 30,1% – спутниктік антенна болған. Ал респонденттердің 4,2%-ы бейнекамера, 9,9%-ы сандық фотоаппаратпен, 52,8%-ы ноутбукпен және 19,3%-ы планшетпен қамтамасыз етілген.
Статистикалық деректер ауылдық жерлердегі радиоқабылдағыш саны қаламен салыстырғанда көп екендігін көрсеткен. Бұл музыкалық орталықтар (14,3%) пен спутниктік антенналарға (62,4%) да қатысты.
Былтыр елдің үй шаруашылықтары теледидарлармен жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. Осылайша, барлық өңірде ол 100%-ды құрап отыр. Тек Ақмола және Қостанай (99,8%-дан), Қарағанды (99%) облыстарының пайыздық көрсеткіштерінде айырмашылық байқалады.
Үй кинотеатрларының басым бөлігі (5,1%) Павлодар облысының үй шаруашылықтарында болса, ал Шығыс Қазақстан облысында бар болғаны 0,5%-ды құраған. Радиоқабылдағыштардың өңірлік бөлініс бойынша жоғары көрсеткіші Атырау облысында (сауалнамаға қатысушылардың 12,1%-ы) байқалса, ал Шымкентте небары 0,4%-ды көрсеткен.
Музыкалық орталық, бейнекамера, фотоаппарат, ноутбук және планшет Алматы қаласының тұрғындарында жиі кездессе, ал спутниктік антенналар СҚО тұрғындарында көп.
Осы жылдың маусым айының қорытындысы бойынша аудиовизуалды жабдықтар мен фотоаппаратураның, ақпаратты өңдеуге арналған жабдықтардың құны бір айда 4,4%-ға, ал бір жылда 5,5%-ға өскен. Жылдық көрсеткіш бойынша камералар бірден 11,4%-ға, теледидарлар 6,7%-ға, ноутбуктер – 3,4%-ға, сымсыз құлаққаптар 3,1%-ға қымбаттаған.