Қарашада электр энергиясы қымбаттайды. Қымбатшылық қысып тұрған кезде, бағаның жыл сайын өсуі, әлбетте, халықтың наразылығын туғызатыны белгілі. Естеріңізде болса, тура бір жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осы мәселені көтеріп, электр энергиясының бағасын барынша түсіру керек деген тапсырма берген еді. Сол кезде бағаны төмендетіп, тарифты ашық түрде бір көтеріп, жасырын тағы да көтеретін компаниялар қадағалауға алынуы тиіс еді. Бірақ, былтыр баға белгілі бір мерзімге ғана төмендеп, қайта көтерілді. Неге? Жалпы неге электр қуатының бағасы тұрақтамай тұр? Бұл сұрақтарға Atameken Business студиясына келген мамандар жауап берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу