ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов саладағы, әсіресе желілік компаниялардағы, жылу желілеріндегі мамандар тапшылығын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, бұл, ең алдымен, жалақының төмен болуымен байланысты. Сонымен қатар, осы мәселені шешу мақсатында шаралар қабылданып, жағдай түзеле бастады.
"Электр станцияларында соңғы екі жылда орташа жалақыны 400 мың теңгеге дейін көтердік. Кадрлар да, басқа салалардан да адамдар орала бастады, өйткені көбісі аралас, соның ішінде өнеркәсіптік салаларға кетті, онда энергетиктерге жалақы көп төленді", - деді спикер.
Желілік компанияларда да орташа жалақы 280 мың теңгеге дейін көтерілді.