Электрондық сауда саласында үшжақты меморандумға қол қойылды

1367

ҚР сауда және интеграция министрлігі, "Қазпошта" АҚ және "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ электрондық сауда саласында үшжақты меморандумға қол қойды.

 Электрондық сауда саласында үшжақты меморандумға қол қойылды

Тараптар электрондық сауданы дамытуға қатысты жедел ақпарат алмасуды, оның ішінде деректерді, талдамалық шолуларды, маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік реттеу шаралары туралы ақпаратты жолға қоюға келісті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сауда және интеграция министрлігі өз құзыреті шеңберінде отандық тауар өндірушілердің экспорт шеңберінде көлік шығындарын өтеу мүмкіндігін және почта қызметтерін субсидиялау мүмкіндігін қарастыруға, сондай-ақ Қазақстан арқылы шетелдік тауарлардың транзитін дамытуға жәрдемдесетін болады.

"ССДО" АҚ электрондық сауда нарығын ақпараттық-талдамалық қолдау және электрондық сауда нарығының ойыншыларын оқыту бөлігінде жәрдем көрсететін болады.

"Қазпошта" АҚ қызмет бойынша халықаралық электрондық алаңдармен ынтымақтастық шеңберінде тауарларды жеткізу бойынша қазақстандық экспорттаушыларға көмек көрсету, сондай-ақ тұтынушыларға талдау жүргізу, сыртқы нарықтардағы отандық кәсіпкерлердің кедергілері мен шектеулерін зерделеу міндеттемесін өзіне алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу