Электрондық саудамен айналысатын жеке кәсіпкерлерге салық төлеу жеңілдейді – пилоттық жоба

524

Мемлекеттік кірістер комитеті электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны әзірледі. 

 Электрондық саудамен айналысатын жеке кәсіпкерлерге салық төлеу жеңілдейді – пилоттық жоба Фото: Апостроф

Пилоттық жоба биылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанынан дейін жұмыс істейтін болады, деп жазады inbusiness.kz.

Құжаттың мақсаты салықтық әкімшілендіруде клиентке бағдарланған тәсілді қалыптастыру, арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлердің қателіктерін болдырмау және салық міндеттемелерін орындауын оңайлату, салық кезеңі ішінде салық жүктемесін біркелкі бөлу деп көрсетілген.

Мемлекеттік кірістер комитетіне электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасынан алынған кіріс пен сатушының тауарларын қайтару сомалары туралы мәліметтер ұсынылады.

Өз кезегінде комитет пилоттық жобаға қатысуға өтініш берген ҚР екінші деңгейлі банктеріне (әріптес-банк) сатушыларға пуш-хабарламалар жіберу үшін салық сомалары туралы, салық есептілігі нысандарын алдын ала толтыру үшін кірістің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді береді.  

"Әріптес-банк сатушыларға қолданылатын арнаулы салық режиміне сәйкес салықтарды біркелкі төлеу үшін пуш-хабарламалар жібереді. Сатушы пуш-хабарламаларда көрсетілген салық сомаларын төлейді", - делінген түсіндірме жазбада.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Құжат 24 сәуірге дейін көпшілік талқылауға ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу