Елімізде 14 мұнай-газ кен орнын игеру құқығы 4,1 млн долларға сатылды

1633

Онлайн сауда екінші рет өтті.

Елімізде 14 мұнай-газ кен орнын игеру құқығы 4,1 млн долларға сатылды

Қазақстанда 14 мұнай және газ кен орнында барлау және өндіру құқығына үшінші электронды сауда аяқталды. Жалпы бастапқы бағасы 988 мың АҚШ долларын құраса, онлайн-аукцион кезінде жалпы құны 4,2 есеге – 4 126 437 АҚШ долларына дейін өсті. Бұл қаржы тікелей ел бюджетіне аударылады, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржы министрлігінің Ақпараттық-есептіеу орталығына сілтеме жасап. 

"Аукцион барысында ең жоғары өсім "Атанат" учаскесіне қатысты болды. Аукцион басталған кезде оны барлау және өндіру құқығы бар болғаны 20 мың долларды құраса, аукционның соңына қарай құны 1,5 миллионға жуықтады. Яғни баға 70 еседен астам өсті. Бұл электронды аукцион залының арқасында қол жеткізген тамаша көрсеткіш, өйткені қатысушылар бұрын бір-бірін танып, сөз байласу қаупі болған", – дейді "Ақпараттық есеп орталығы" АҚ бас маманы Сұңқар Шорнақов.

Айта кетейік, көмірсутектерді барлау және өндіру құқығын беру бойынша бірінші онлайн сауда-саттық 2020 жылдың 23 желтоқсанында өтті. Онда ең төменгі баға 611 мың АҚШ долларынан (263 миллион теңге) 6 есеге жуық өсіп, 3,5 миллион АҚШ долларына (1,5 миллиард теңге) жетті. 

8 учаске бойынша екінші аукцион 2021 жылдың 23 сәуірінде өткізілді. Мұнда жалпы ең төменгі баға 1,6 миллион доллардан (713 миллион теңге) 13 есе өсіп, 21,6 миллион АҚШ долларына (9,3 миллиард теңге) жетті. Қатысу жарнасының сомасы 50 мың АҚШ долларын (21,8 млн теңге) құрады.

Онлайн-аукцион залы 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан мемлекеттік мүлікті сату бойынша аукциондарға ұқсастырып "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ақпараттық-есептік орталық" АҚ мамандары жасаған. Қызметке Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі тапсырыс берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу