Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.
“Оқу жылы Қазақстан мектептерінің 3,7 млн-нан астам оқушысы үшін аяқталады. 11-сыныпты 172 мың түлек бітіреді. Оның ішінде "Алтын белгіге" үміткерлердің саны - 6,8 мың. Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны 1 маусым – Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған”, - деді министр.
Ведомство басшысының сөзінше, аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 20-22 маусым аралығында өтеді.
"Қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 4 пәннен 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5 пәннен маусымның 5-і мен 19-ы аралығында өтеді", - деп түйіндеді Ғани Бейсембаев.