Елімізде 217 мың түлек мектеппен қоштасады

99

Оның ішінде 5%-ы "Алтын белгіге" үміткер.  

Елімізде 217 мың түлек мектеппен қоштасады Фото: dknews.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында оқу жылының аяқталуын қатысты баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биылғы оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтағалы отыр. 

"Оның ішінде бастауыш сыныпты – 391 мың, негізгі мектепті – 364 мың бала аяқтайды. Мектеп бітірушілер саны – 217 мың. Оның ішінде "Алтын белгіге" үміткерлер саны алдыңғы жылдардағыдай 5%", - деді министр.

Оқу жылы "Білімім – Отаныма" атты бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтау жоспарланып отыр.  

"Педагогикалық кеңестің шешіміне сәйкес мектеп түлектеріне  арналған "Мектебім, саған мың алғыс!" атты салтанатты шараны 23-24 мамырда өткізу ұсынылды. Аттестаттарды табыстау рәсімі 18-20 маусым аралығына белгіленді. 9-шы және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр – 16 маусым аралығында өткізіледі", - деді Ғани Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу