Елімізде 30 жыл ішінде алғаш рет "Халық әртісі" құрметті атағы бекітілді

2023 жылы бұл абыройлы атақ 8 мәдениет қайраткеріне табысталды. 

Елімізде 30 жыл ішінде алғаш рет "Халық әртісі" құрметті атағы бекітілді Фото: alash.kz

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елордада өткен брифингте айтты. Оның сөзінше, елімізде 30 жыл ішінде алғаш рет "Халық әртісі" құрметті атағы бекітілді. Биыл бұл абыройлы атақ 8 мәдениет қайраткеріне табысталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жаһандық контексте ұлттық мәдениетті танымал ету стратегиясы аясында Мысыр, Өзбекстан және Әзірбайжанда Қазақстанның мәдениет күндері өтті. Бұл іс-шаралар еліміздің мәдени мұрасының байлығы мен алуан түрлілігін оның шекарасынан тыс жерлерде таныстырудың тиімді құралына айналды", – деді министр.

Сондай-ақ, "Халықтық" және "Үлгілі" атақтарын, сондай-ақ "Ұлттық" мәртебесін алған шығармашылық ұжымдар саны да артты. Бұл марапаттар топтардың елдегі мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан маңызды үлесін көрсетуге арналған.

Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық бірегейлікті нығайту және мәдени мұраны танымал ету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл бағыттағы басты міндеттердің бірі – мәдени мұраны болашақ ұрпаққа сақтау.

"Қазақстанның бірегей тарих және мәдениет ескерткіштерін әлемдік кеңістікке кіріктіруге де басты назар аударылады. Бүгінгі таңда, еліміз ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне 10 нысанмен ұсынылған және 2025 жылға қарай олардың санын 16-ға жеткізу жоспарлануда. Бұл шаралар Қазақстанның мәдени мұрасының байлығын жаһандық ауқымда ілгерілетуге бағытталған", – деп толықтырды министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу