Елімізде алтын бір жарым айда 12,8%-ға қымбаттады

591

ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, 21 желтоқсандағы алтынның ресми құны 1 грамм үшін 27 247,9 теңгені құраған.  

Елімізде алтын бір жарым айда 12,8%-ға қымбаттады Фото: google

Бұл 16 тамыздан бастап, яғни 4 айдан астам уақыттан бері ең жоғары көрсеткіш болып отыр, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Telegram арнасына сілтеме жасап.

4 қарашада алтын құны 24,2 мың теңгеден аз болды. Бұл 2021 жылдың қазан айынан бастап есептегенде ең төмен көрсеткіш. Келесі бір жарым ай ішінде бір грамм бағалы металдың құны 3,1 мың теңгеге немесе 12,8%-ға өсті.

Ресурстың мәліметінше, алтынның әлемдік бағасының өсуіне доллардың әлсіреуі, нарықтардың құлдырауы және геосаяси жағдайдың шиеленісуі әсер етіп отыр. Бағалы металға деген қызығушылық артып келеді.

Яғни, инвесторлар қаржы нарығында тұрақсыздық пайда болған кезде алтынға басымдық бере бастайды. Бұл өз кезегінде бағалы металл бағасының көтерілуіне әкеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу