Елімізде әрбір үшінші үйдің дәретханасы сыртта орналасқан

902

Түркістан (86,7%), Қызылорда (74,7%) және Атырау (64%) облыстарында дәретхананың басым бөлігі үйдің сыртында орналасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Елімізде әрбір үшінші үйдің дәретханасы сыртта орналасқан

5 өңірдегі үйлердің жартысынан астамының дәретханасы сыртта орналасқан. Тұрғындар дәретханаға шұңқыр қазуға мәжбүр. 

2020 жылы еліміздегі үй шаруашылықтары арасында сауалнама жүргізілген. Сұрақ қойылғандардың 58,8%-ы жуыну үшін ваннаны, 15,4%-ы душты (бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 17,2%), тағы 32%-ы моншаны (бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 25,8%) пайдаланатынын айтқан. 

Сауалнама барысында үйлерде дәретханаға байланысты мәселе бары анықталған. Мысалы, сұраққа жауап бергендердің 53,6%-ы орталық кәріз жүйесіне қосылған дәретхананы (өткен жылғы көрсеткіш –53,8%), 18,3%-ы жеке кәріз жүйесі (септик) бар дәретхананы, ал 34,1%-ы үйдің сыртындағы дәретхананы пайдаланады. 

Нұр-Сұлтан қаласы (94,9%) және Маңғыстау (97,7%) және Қарағанды облысындағы (90,1%) үйлер ваннаны жиі пайдаланатыны анықталған.

Алматы қаласы (35%), Ақтөбе (26,3%) және Түркістан (29%) облыстарындағы үйлердің тұрғындары душты пайдалатынын айтқан.

Монша немесе саунаны көбінесе ваннасы жоқ үйлер пайдаланған: Алматы облысы – 75,4% (респонденттер) (ванна – 22,1%), Түркістан облысы – 67,9% (ванна – 14%), Жамбыл облысы – 65,7% (ванна – 31,6%).

Нұр-Сұлтан (97,9%) және Алматы қалалары (81,6%), сондай-ақ Қарағанды облысының (81,4%) үйлеріндегі дәретхана орталық кәріз жүйесіне қосылған.

Сонымен қатар Шымкент қаласындағы үйлердің дәретханасы 72,3%-ы орталық кәріз жүйесіне қосылғаны анықталған.

Түркістан облысында дәретханаларды орталық кәріз жүйесіне қосу бойынша проблема бар: үйлердің тек 8,8%-ы орталық кәріз жүйесіне қосылған. 

Сондай-ақ аутсайдер үштігіне Алматы (18,2%) және Қызылорда (19,7%) облыстары да енді.

Алматы облысында үйлердің 31,7%-ы, ал Қызылорда облысында – 
28,2%-ы жеке кәріз жүйесі бар (септик)  дәретхананы пайдаланса, Түркістан облысында мұндай дәретхананы пайдаланатын үйлердің үлесі ең төмен деңгейде – 8,9%.

Түркістан облысында дәретхананың 86,7%-ы сыртта орналасқан. Мұндағы тұрғындар дәретханаға шұңқыр қазуға мәжбүр. Дәретхананың басым бөлігі сыртта орналасқан өңірлердің үштігіне Қызылорда (74,7%) және Атырау (64%) облыстары енді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу