Елімізде автобус жүргізушілері жетіспейді

1011

Осыған байланысты мәжіліс депутаты Тұрғын Сыздықов 18 жастан бастап автобус жүргізуге рұқсат беру туралы ұсыныс жасады.

Елімізде автобус жүргізушілері жетіспейді

Депутаттар 18 жастан бастап автобус жүргізуге рұқсат беру туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Мәжіліс депутаты Тұрғын Сыздықов премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа "Жол қозғалысы туралы" заңды қайта қарап, бірқатар баптарға түзетулер енгізуге ұсыныс білдірді.

Оның айтуынша, "Д" санатындағы көлік құралын (автобустарды) басқаруға белгіленген жас шегі аталмыш саланың дамуын тежейді және соның салдарынан жүргізушілердің тапшылғы туындап отыр.

"Мәселен, Астанада – 960-ға жуық жүргізуші, Көкшетауда – 100-ге жуық, Шымкентте 500-ден астам жүргізуші жетіспейді. Ал Таразда осыған байланысты 180 автобустың 50-і тоқтап тұр. Еліміздің барлық өңірінде осылай", – деді Тұрғын Сыздықов.

Автобустарды басқаруға мүмкіндік беретін шекті жасты азайтуды сұраған депутат: "18 жастағы жастар отан қорғауға, әскер қатарына  да алынады. Демек олар жүктелген міндеттерді тыңғылықты орындай алады. Айталық қоғамдық көліктерді жүргізуге әбден қабілетті. Енді оларды жұмысқа дайындайтын, мемлекет пен қоғам тарапынан қатаң бақылауға алынған, лицензияланған ұйымдар қажет", – деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу