Елімізде базалық жалақыны көтеру ұсынылды

1246

Қазақстандағы базалық жалақыны 17 697 теңгеден 42 500 теңгеге дейін көтеру керек. Бұл туралы "Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Елімізде базалық жалақыны көтеру ұсынылды

Оның айтуынша, қазіргі таңда мәдениет қызметкерлері өте төмен жалақы алып отыр.

"Сізге (премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа – автор) өтінішім бар. Елімізде білім және денсаулық саласындағы мамандардың жалақысы жоғары. Оны барлығымыз білеміз. Алайда мәдениет саласындағы қызметкерлердің жалақысы өте төмен. Бұл мәселе шешілмеген күйде қалып отыр", - деді ол мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Сонымен қатар Светлана Иманқұлова еліміздегі базалық жалақыны 17 697 теңгеден 42 500 теңгеге дейін көтеруді ұсынды.

"2015 жылдың 15 желтоқсанда шыққан №1193 үкімет қаулысында базалық айлық жалақы 17 697 теңге шамасында деп көрсетілген. Осы базалық айлық жалақыны Қазақстандағы ең төменгі жалақы 42 500 теңгеге көтеруді сұраймын. Осыған сіз (премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа – автор) ықпал етіп, үкімет отырысында бұл мәселені көтерсеңіз", - деп түйіндеді сөзін ол.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу