Елімізде білім саласын инвестициялау аздап артқан

2227

Инвестицияның өсімі республикалық бюджет есебінен орындалуда.

Елімізде білім саласын инвестициялау аздап артқан

Қаржыландырудың басқа көздері арқылы инвестициялық белсенділік төмендеген. finprom.kz мәліметінше, білім саласына салынған барлық инвестицияның 50%-ына жуығы үш аймаққа ғана тиесілі.

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айында Қазақстанда білімге салынған инвестициялар көлемі 212,1 млрд теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға өскен. Алайда бұл сома 2014–2017 жылдар аралығымен салыстырғанда аз.

Елдегі инвестициялардың жалпы көлеміндегі білім беру саласына салынған инвестициялардың үлесі 2018 жылы 1,8%-дан 2019 жылы 1,7%-ға дейін төмендеген.

2019 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың 37,7%-ға (22 млрд теңге), яғни 80,5 млрд теңгеге дейін ұлғаюы білім саласына салынған инвестициялардың өсуінің негізгі факторы  болды. Қаржыландырудың басқа көздерінің азаюы байқалады.

Жергілікті бюджеттен білім саласына 74,7 млрд теңге бөлінді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 7,2%-ға аз. Ал бизнестің жеке қаражаты 1,5%-ға төмендеп, бір жылда 54,4 млрд теңгені құрады. Білім беруге тартылған  қарыз қаражаттың қысқаруы 26,5%-ды құрады, 1,9 млрд. Банктердің берген несиелері 2018 жылы 8,1 млрд теңгеден 637,6 млн теңгеге дейін азайды.

2019 жылы Қазақстанның білімі мен ғылымының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында ғылымның үлесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Бағдарлама аясында 2025 жылға қарай ғылым саласына жұмсалатын шығын көлемін жалпы ішкі өнімнің 1%-на дейін жеткізу жоспарлануда. Оның 0,34%-ы республикалық бюджеттен және бірлескен қаржыландыру көздерінен алынбақ, ал 0,66%-ы жеке инвестицияларды тарту арқылы келеді деп жоспарлануда.

Өңірлік тұрғыдан алғанда, білім саласына салынған ең көп инвестиция елордада байқалады: 40,7 млрд теңге, бір жылда 35,1%-ға өскен. Екінші орында Алматы облысы тұр, оған салынған инвестициялар көлемі екі есеге артып, 32,3 млрд теңгені құрады. Түркістан облысы алдыңғы үштіктің соңында: 32,3 млрд теңге, бір жыл ішінде 41,8%-ға ұлғайған.

Білім саласына салынған инвестиция көлемі бойынша ТОП-5 қатарына Алматы (24,1 млрд теңге) мен Атырау облысы (8,5 млрд теңге) кірді.

Білім саласына салынған ең аз инвестиция Маңғыстау (3,4 млрд теңге), Қызылорда (4,4 млрд теңге) және Павлодар (4,7 млрд теңге) облыстарына тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу