Елімізде биыл 76 адам суға кеткен

1456

Елімізде 50 мың су қоймасы бар. Ал судан құтқарушылар саны 1350 адам ғана.

Елімізде биыл 76 адам суға кеткен

Елімізде жыл басынан бері 76 адам суға батып көз жұмған, оның 40-ы – бала. Бұл туралы ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Жыл басынан бері 76 адам суға кетті, оның 40-ы – бала. Біз суға батқандарды есепке алу статистикасын өзгерттік. Бұрын тек суға шомылу кезінде батқандарды ғана есептесек, биылғы қаңтардан бастап каза болуына өкпесіне су толу себеп болғандардың бәрін есепке алдық",– деді ол баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 27 адам балық аулау кезінде, 22-сі шомылуда, 2 адам өзгені құтқарамын деп жүріп, 2-уі судан жүзіп өтпек болғанда көз жұмған. 8 бала арықтар мен су жиналатын каналдарға батып кеткен.

"Суға батқандардың дені ата-анасының қарауынсыз қалған әрнеге әуес жас балалар. Өкінішке қарай, олар шұңқырға, каналға немесе арыққа құлап кетеді",– деді ол.

Айта кетсек, елімізде демалуға, балық аулау мен шаруашылыққа пайдаланылатын барлығы 50 мың су қоймасы бар. Еліміз бойынша құтқарушылар саны – 1350 адам.

Жылына 1200-1400 адам суға батып, оның тек 800-900-ін ғана құтқару мүмкін болады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу