Елімізде биылғы алты айда 850 адам жол апатынан мерт болған

1141

Биылғы жылдың өзінде 2 миллионнан аса жол ережесін бұзу жағдайлары тіркелген.

Елімізде биылғы алты айда 850 адам жол апатынан мерт болған

Елімізде жол-көлік оқиғалары азаймай тұр. Соңғы 6 айдың өзінде дәл осындай апаттардан 850 адам көз жұмған. Ал дене жарақатын алғандар саны 9 мыңнан асады, деп хабарлайды 24.kz.

Осыған байланысты ішкі істер министрлігі кешенді шараларды қолға алды. Әсіресе көшелердегі бақылау камераларын көбейтіп, жүргізушілерге қатысты талапты күшейтті. Биылғы жылдың өзінде 2 миллионнан аса жол ережесін бұзу жағдайлары тіркелген.

"Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім бар. ІІМ тарапынан жол апаттарынан азайту мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. 4 мыңнан аса құқық бұзушылықты анықтайтын жүйе орнатылды. Бұған қоса, жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп тұрады",– дейді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің өкілі Ақтоты Боранова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу