Елімізде бөлшек сауда көлемі 1,4%-ға өсті

Республикадағы сауданың ең жоғары үлесі Алматы (32,0%) мен Астанада (12,2%) тіркелген.

Елімізде бөлшек сауда көлемі 1,4%-ға өсті

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 10 625,6 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 1,4%-ға жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жеке кәсіпкерлердің тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 1,9%-ға өсті.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 36%-ды құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 64%.

Сауда көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар үлесінде, атап айтқанда мамандандырылған дүкендердегі жиһаздар, майлау материалдары, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, тораптар мен керек-жарақтар, мотор отыны, музыкалық аспаптар, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтикалық тауарлар, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, киім, аяқ киім, косметикалық тауарлар мен гигиена керек-жарақтары, сағат және зергерлік бұйымдар, жарықтандыру құралдары мен тұрмыстық тауарларды сататын кәсіпорындарда байқалды.

2022 жылғы 1 қазанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 200,9 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (32,0%) мен Астана қалаларына (12,2%), Қарағанды (8,5%) және Шығыс Қазақстан (6,2%) облыстарына тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу