Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне науқастар тарапынан жасалатын шабуылдарды азайту мақсатында арнайы тұжырымдама әзірледі.
Тәжірибе көрсеткендей, пациенттер медициналық қателік жіберген дәрігерлерге шағымданып қана қоймайды, сонымен бірге дәрігерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне кереғар әрекеттерге барады. Елімізде қаңтар айындағы төтенше жағдай кезінде 20 денсаулық сақтау нысанына шабуыл жасалды. Оның ішінде бес стационар, бір МСАК нысаны, Алматыда орналасқан 14 дәріхана бар. Осы кезеңде 7 медицина қызметкері зардап шекті, оның бесеуі Алматыда, біреуі Шымкент пен Алматы облысында.
"Сонымен қатар міндеттерін жүзеге асыру кезінде жедел медициналық жәрдем қызметінің медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау фактілері бар. Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасалған жағдайда оларды құқықтық қорғау тетігі қажет", – делінген құжатта.
Осыған байланысты емдеуші дәрігер медициналық ұйымның (бөлімшесінің) тиісті лауазымды адамымен (басшысымен) келісім бойынша пациентті бақылаудан және оны емдеуден 3 жағдайда бас тарта алады:
1) пациентті басқарудан бас тарту оның өміріне қауіп төндірмейді;
2) емдеуді жүргізуден бас тарту басқалардың денсаулығына қауіп төндірмейді;
3) ем жүргізуден бас тарту әкімшілік басқарманың лауазымды адамымен келісілген.
Осы ұсыныстар негізінде дәрігер мен пациенттің құқықтық қатынастарын нормативтік құқықтық реттеу тетігін әзірлеу қажет. Осыған байланысты психикалық мінез-құлық бұзылысы ауруы бар адамның, оның ішінде есірткі заттарын қолданумен байланысты адамның әлеуметтік қауіптілігі ретінде жаңа тұжырымдаманы енгізу ұсынылады.
Аталмыш тұжырымдама қазан айының соңына дейін ашық НҚА сайтында қоғамдық талқылау үшін ұсынылған.
Тұжырымдамамен танысып, пікір білдіру үшін сайтқа өтіңіз.