Елімізде электромобильдерге арналған инфрақұрылым жақсарады

281

Әкімдіктер электр қуаттау станцияларын орналастыру бойынша шешім қабылдай алады. 

Елімізде электромобильдерге арналған инфрақұрылым жақсарады Фото: Колеса

Мәжіліс экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді екіннші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Заң жобасының негізгі нормалары "электромобиль" және "электр қуаттау станциясы" жаңа ұғымдарын енгізуге, жолдарды жобалау кезінде электр қуаттау станцияларын орналастыру үшін жекелеген орындарды бөлуге, электр зарядтау станцияларын жол бойындағы қызмет көрсету нысандарына жатқызуға бағытталған. Тұрғын және қоғамдық аймақтарда орналастыруды қоса алғанда, электр зарядтау станцияларын орналастыру үшін аумақты егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында резервтеу, электромобиль иелерін тұрақ орындарына ақы төлеуден босату, электр қуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуді көздейді", - деді Мәжіліс депутаты Арман Қалықов.

Енді әкімдіктерге электр қуаттау станцияларын орналастыру бойынша шешім қабылдау құзыреті беріледі.

"Облыс, республикалық маңызы бар қала, Астана және аудан әкімдігіне электр зарядтау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдау құзыретін беру, электр энергиясын қосу, пайдалану және тұтыну кезінде электр қуаттау станцияларының қауіпсіз жұмыс істеуі бойынша талаптарды белгілеу, электр желілеріне өз бетінше қосылуға тыйым салуды енгізуге қатысты түзетулер қолдау тапты", - деп жалғастырды ол.

Сөзінше, автобустар мен троллейбустар жүргізушілерінің жасын 23 жасқа дейін төмендету, олар үшін кемінде 3 жыл жұмыс өтілін белгілеу жөнінде түзетулер енгізілді. D1 кіші санатындағы жүргізушілердің жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болуға тиіс.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжілісте электромобильдерге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу