Елімізде ғылым күні атап өтілуде

947

Үкімет басшысы отандық ғылымды дамыту бағытында Білім және ғылым министрлігіне бірқатар тапсырма берді, деп жазады inbusiness.kz премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 

Елімізде ғылым күні атап өтілуде

"30 сәуірге дейін Қазақстан ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының қабылдануын қамтамасыз етсін. Жас таланттарды іздеу және оларды ғылымға тарту механизмдерін пысықтасын, зерттеу әлеуеті жоғары ғалымдардың жаңа буынының ақпараттық базасын жасасын. Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе бере отырып, институционалдық трансформациялау шараларын қабылдасын", – деп жазылған хабарламада.    

Сондай-ақ ғылым қорының экономикалық тиімділігін арттыруға, ғылыми зерттеулерді капиталдандыруға, олардың инвестициялық тартымдылығын, барлық кезеңдегі ашықтығын арттыруға баса мән бере отырып, оның ребрендингін қамтамасыз ету де айтылды.  

Бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының жобасына ғылымды қажет ететін өндірістерді, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруда ғылымның үлесі бойынша бөлім қосып, оның нақты индикаторларын белгілеуді қамтамасыз етуге ден қойылу да айтылды.    

Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика министрліктерімен бірлесіп, ғылыми-техникалық кеңестер құруды және жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруының орталықтандырылған механизмін енгізуді қамамасыз етуге тапсырма берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу