Елімізде интернет-банкингтің 23 млн белсенді қолданушысы бар

482

Олардың саны бір жыл ішінде 20%-ға артты. 

Елімізде интернет-банкингтің 23 млн белсенді қолданушысы бар Фото: MyBuh.kz

2022 жылдың соңында онлайн және мобильді банкингтің белсенді пайдаланушыларының саны 22,9 миллионға жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 20%-ға көп, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда еліміздегі әрбір банктің мобильді қосымшасы бар.

Биылғы қаңтар-наурыз айларында қаржы секторындағы танымал Google Play мобильді қосымшаларының рейтингінде Kaspi.kz, Jusan (Jusan Bank) және Halyk Homebank (Halyk Bank) қосымшалары көш бастады.

2022 жылы қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы құрылымындағы онлайн-операциялардың үлесі саны бойынша 64,6%-ды, көлемі бойынша 82,5%-ды құрады. Күн сайын қазақстандықтар цифрлық банкинг арқылы 234,7 млрд теңгеден асатын сомаға орта есеппен 15,2 млн-нан астам операция жүргізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу