Елімізде қайтарылған активтерді басқарумен айналысатын компания құрылады

561

12 шілде күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Заңсыз активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңға қол қойды.

Елімізде қайтарылған активтерді басқарумен айналысатын компания құрылады Фото: atomiyme.com

Қаржы министрлігі "Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру мәселелері туралы қаулы жобасын әзірледі. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz. 

"Жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылсын", - делінген құжатта.

Заңға сәйкес басқарушы компанияның мақсаттары – заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету. Басқарушы компанияның міндеттеріне мемлекетке қайтарылған активтерді оның атынан меншігіне қабылдау, мемлекет кірісіне айналдырылған активтердің сақталуын және ұсталуын қамтамасыз ету, активтерге билік ету, активтерді өткізуден түскен қаражатты арнаулы мемлекеттік қорға аударуды қамтамасыз ету жатады.

Құжатты жария талқылау 14 тамызға дейін жалғасады.

Айта кету керек, осыған дейін қайтарылған активтерді басқару бойынша арнайы мемлекеттік қор мен басқарушы компания құрылатыны белгілі болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу