Елімізде қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 13,6 пайызға өсті

1138

Елімізде қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 13,6 пайызға өсті

Құрылыс саласының көлемі тұрғын үй құрылысы мен "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында қолға алынған жобалар аясында 6,9 пайызға көбейген. Қаңтар-қыркүйек аралығында тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 13,6 пайызға өсіп, 7,2 млн шаршы метрге жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

Инвестицияның тартылу көлемі 9 айда 4,1 пайызға көбейіп, 5,1 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткішке бірінші кезекте "Нұрлы жол" мен ИИД МБ аясында мүмкін болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы уақытында инвестиция көлемі 3,5 пайыз болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу