Йель университетінің Экологиялық саясат және құқық орталығының зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан экологиялық процестерді басқару бойынша көптеген елдерден артта келеді, деп хабарлайды energyprom.kz
Өткен жылы Экологиялық тиімділік индексінде (EPI) Қазақстанды 180 елдің ішінде 93-орынға жайғасты. Бұл экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған саяси және экономикалық күш-жігері тиімдірек дамыған Батыс елдерімен салыстырғанда төмен.
EPI индексі – бұл экологияның әртүрлі салаларындағы (судың, ауаның тазалығы, биоәртүрлілік және т.б.) 40 түрлі көрсеткіштен тұратын құрама көрсеткіш. Осы материал аясында біз тек екі көрсеткішті – тұрмыстық қатты қалдықтарды (ҚҚҚ) және коммерциялық қалдықтарды жинау және өңдеу коэффициентін, сондай-ақ қайта өңдеу коэффициентін қарастырамыз. Біріншісі бойынша еліміз 88-ші орында тұрса, қалдықтарды өңдеу деңгейі бойынша 175-ші қатарда. Қалдықтарды өңдеу мәселесінде біз дамыған елдерден ғана емес, ЕАЭО-дағы көршілерімізден және Орталық Азия мемлекеттерінен де артта қалып отырмыз.
Йель университетінің сарапшылары Қазақстандағы қалдықтарды қайта өңдеу көрсеткіші өткен жылы 3,8 болса, әлемдегі ең жоғары көрсеткіш 67,1 болғанын айтады. Осы америкалық университеттің зерттеу нәтижелері объективті түрде экологиялық саясаттың тиімділік деңгейін ғана көрсетіп, елдерді бір-бірімен салыстыруға мүмкіндік береді. Әдістеменің айырмашылығына байланысты бұл деректерді ұлттық көрсеткіштермен салыстыру мүмкін емес. Қазақстанда қалдықтарды сұрыптау мен өңдеудің жалпылама көрсеткіші – түзілетін қалдықтар үлесі қолданылады.
2022 жылы Қазақстан Республикасындағы қалдықтарды жинау мен өңдеу үлесі бір жыл ішінде небәрі екі пайыздық тармаққа өсіп, 25,4%-ды құрады. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің (ЭҚМ) мәліметінше, өткен жылы 4,3 млн тонна қоқыстың тек 1,1 млн тоннасы сұрыпталған немесе қоқыс өңдеу зауытынан өткен. Дәл осындай динамика өнеркәсіптік қайта өңдеуде де байқалды. Өткен жылы өндірістік қалдықтардың тек 40%-ы ғана қайта өңделген немесе кәдеге жаратылған.
"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасының деректері бойынша Табиғи ресурстар министрлігі мамандарының келесі жылы қалдықтарды өңдеу саласындағы экологиялық бағдарламаларды іске асыруынан шамамен 3%-4% динамика күтілуде. Егер осы жылдың соңына дейін барлық жоспарлар орындалса, 2024 жылға қарай қалдықтарды сұрыптау және өңдеу деңгейі 27%, ал өндірістік қалдықтар – 42%, 2025 жылғы желтоқсанда сәйкесінше 34% және 46% болуы тиіс.