Елімізде қазақ тілінен тест тапсыруға кімдер міндеттелмек?

1216

Астанада Стандарттау жөніндегі кеңейтілген ғылыми-техникалық кеңес өтті. 

Елімізде қазақ тілінен тест тапсыруға кімдер міндеттелмек? Фото: gov.kz

Мұнда ұлттық стандарттарының жобалары қаралып, оның ішінде деңгейлер бойынша қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері жөніндегі жобалар мақұлданды, деп жазады inbusiness.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, стандарттың негізгі мақсатына қазақ тілін меңгеру деңгейін белгілеу жатады. Содан кейін Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу өткізіп, тиісті сертификаттар береді.

"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңның қабылдануымен байланысты жоғарыда аталған әзірленген стандарттар өте қажет. Өйткені олар жұмысты нақты регламенттер мен талаптарға сәйкес келтіреді", - деді Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса.

Қазақстанда міндетті тестілеуден:

  • магистратура мен докторантураға түсетін студенттер;
  • мемлекеттік әкімшілік қызметтің "А" органының кадр резервіне енгізілген қызметкерлер;
  • "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткер талапкерлер;
  •  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына түсуге үміткер студенттер;
  •  "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" оқытушылары өтетін болады.

Құжатты "ҚазСтандарт" әзірледі. Болжам бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енгізілетіні айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу