Елімізде қоғамдық көліктердің қатысумен болған жол-көлік оқиғаларының саны 5,9%-ға өсті

290

Жыл басынан бері 24 адам қаза тауып, 955-і жарақат алған.

Елімізде қоғамдық көліктердің қатысумен болған жол-көлік оқиғаларының саны 5,9%-ға өсті Фото: zakon.kz

Бас көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы саласында жүйелі заңбұзушылықтарды жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көлік прокуратурасы органдарымен жүргізілген талдау қорытындысымен жолаушылар тасымалын лицензиялау және жүзеге асыру кезінде заңнаманың өрескел бұзылу фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, жөндеу-өндірістік базалардың, тахографтардың, медицина қызметкерлері мен техникалық мамандардың болуына қатысты міндетті қауіпсіздік талаптар көп жағдайда формалды түрде ғана сақталатыны анықталды.

Жөндеу базалары ретінде көлік құралдарына қызмет көрсетуге бейімделмеген объектілер көрсетіледі. Бір мамандар бір мезгілде бірнеше тасымалдаушының штатында тіркелген. Сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен сақтандыру полистері ұсынылады.

Жалпы, осындай фактілер 448 тасымалдаушыда анықталды. Лицензия беру, одан кейінгі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында да кемшіліктердің бар екенін көрсетті.

Уәкілетті органдар осы саладағы біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін субъектілерді уақтылы анықтауды және оларды жолаушылар тасымалынан шеттетуді қамтамасыз етпеген.

"Прокурорлық қадағалау актісін қарау шеңберінде 124 тасымалдаушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 36 тасымалдаушының лицензияларының қолданысы тоқтатылды. Қалғандары бойынша жұмыс жалғасып жатыр", – деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Анықталған заңбұзушылықтарды жою мәселесі Бас көлік прокуратурасының бақылауында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу