Елімізде көлікті онлайн түрде сақтандыруға болады

889

 Елімізде көлікті онлайн түрде сақтандыруға болады

Келер  жылдан бастап темір тұлпар тізгіндеген азаматтар, құшақ-құшақ қағаздан құтылып, көліктерін онлай түрде сақтандыра алады. Мұндай жүйеге көшуге компаниялар қазірдің өзінде  жаппай сақадай-сай. Әйтсе де, мамандар заңнамалық нормалардың енгізілуі шарт дейді. Осы ретте, бұл мәселе алдағы күзде үкіметте қаралмақ. Ал жаңа жылдан бастап өз күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды almaty.tv.

"Көлік жүргізушісі өзі қалаған компания арқылы онлайн түрде көлігін сақтандыра алады.  Ол үшін сайтта көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, онлайн төлем жасаса жеткілікті. Азаматқа ешқандай құжат берілмейді, тек смс-хабарлама немесе жеке поштасына әмбебап нөмір келуі мүмкін. Сол нөмірді біріңғай базаға енгізу арқылы полиция қызметкерлері тексеріс жүргізе алады",- деді Сақтандыру ассосациясының төрағасы Виталий Веревкин.

Айта кетерлігі, қазір Алматыда бірнеше автосақтандыру компаниясы онлайн жүйе арқылы жұмыс істеуде. Дегенмен, мекеме рәсімделген қағазды азаматтың мекен-жайына жіберуі тиіс. Мамандар, бұл тәсіл қосымша уақыт пен қаражатты қажет етеді дейді. Сондықтан, олар тұтынушы мен ұсынушыға да тиімді болуы үшін үкіметтің де ат салысқаны жөн дегенді айтуда. Көршілес Ресейдің де сақтандыру компаниялары бет-бетімен өздігінше онлайн режимге көшіп, соңынан жалған сайттардың қаптап кеткені бізге сабақ болуы керек дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу