Елімізде күніне 5 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып жатыр

941

COVID-19 вирусы мен пневмониядан 57 адам қайтыс болды. 

Елімізде күніне 5 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып жатыр

Қазақстанда өткен тәулікте 5 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырудың 5 658 дерегі тіркелген. Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 483 412-ге жетті.

Қазақстанда 3 241 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 427 237 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

17 шілдедегі мәлімет бойынша 52 895 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 16 862 пациент стационарда, 36 033 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 975 адамның жағдайы ауыр, 241 пациенттің жағдайы өте ауыр,123 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ коронавирус және пневмониядан 57 адам көз жұмды.

Айта кетейік, кеше елімізде COVID-19 жұқтырудың 5 648 дерегі тіркелген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу