Оның сөзінше, бұл республикадағы жалпы инфляция көрсеткішіне тығыз байланысты, деп жазады inbusiness.kz.
"Егіс алқаптары қысқарып жатқан жоқ. Күрішті жалпы жинау көлемі азаяды деген болжам да жоқ. Өздеріңізге белгілі, біз өз-өзімізді күрішпен толық қамтамасыз етіп отырмыз, сондай-ақ өнімнің белгілі бір бөлігін экспортқа шығарамыз. Сол себептен бағаның күрт өсуі, тұтынушыларымызға күріштің жетпей қалу қаупі туындамайды", - деді ол.
Тілшілер Қазақстан бойынша ақ маржан бағасы қанша пайызға өсуі мүмкін екенін нақтылап сұрады.
"Бағаның 2-3 есеге артуы болмайды. Жалпы инфляция аясында күріш бағасы аздап өсуі мүмкін", - деді министр.
Еске салайық, осыған дейін Қазақстанның үш облысында су мәселесі шиеленісе түскенін жазған болатынбыз.