Елімізде құтқарушылардың 90 пайызы баспанаға мұқтаж

208

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлім етті. 

Елімізде құтқарушылардың 90 пайызы баспанаға мұқтаж Фото: freepik

Ведомство басшысы Шыңғыс Әрінов қызметкерлерін баспанамен қамту жұмыстары қалай жүріп жатқанын баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі таңда министрлік тарапынан барлық қажетті шараларды қабылдаудамыз. Бүкіл қажетті келісімдер бар. Бірақ заңды тұрғыда бұл сұрақты әлі шешпедік. Біздің ойымызша, қыркүйектен бастап, Парламентке заңға өзгерістер енгіземіз. Ең басты мәселе — тұрғын үй төлемдерін алу. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап сол мәселені шешеміз деп ойлаймыз", — деді министр Үкімет үйінде өткен брифингте.

Тілшілер құтқарушылардың қаншауы баспанаға мұқтаж екенін нақтылап сұрады.

"Біздің қызметкерлердің 90% баспанаға мұқтаж деп санай беріңіз", — деп жауап берді Ш. Әрінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу