Елімізде мал азығы қажеттіліктен 2 есе аз өндіріледі

1449

Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев биыл құрғақшылыққа дайын болмағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Елімізде мал азығы қажеттіліктен 2 есе аз өндіріледі

"...Өкінішке қарай, біз биыл құрғақшылыққа дайын болмағанымызды көріп отырмыз", – деді Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 
Оның айтуынша, құрғақшылықтың салдарын жою үшін кешенді шара  қабылдау қажет.
Министрдің міндетін атқарушы ғалымдардың зерттеуін алға тартып, елімізде жыл сайын мал азығы зоотехникалық қажеттілік нормасынан 2 есе аз өндірілетінін айтты. 

Белгілі болғандай, жем-шөптің шамамен 70%-ы табиғи шабындықтан немесе  шабындық деп аталатын жайылымнан жиналады. Мұндай шөптің өнімділігі ауа райына тәуелді болады. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу