Елімізде облыс әкімдерінің орынбасары тағы бір қызметкерге көбеймек

488

Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  

Елімізде облыс әкімдерінің орынбасары тағы бір қызметкерге көбеймек Фото: turkystan.kz

"Мемлекет басшысының әкімдіктердің функционалдығын қамтамасыз ету және халық үшін аса маңызды мәселелер бойынша үйлестіруді күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында облыс әкімдері орынбасарларының санын бір адамға дейін арттыру ұсынылады", - деді Тимур Жақсылықов.

Бұл ретте бастама жергілікті атқарушы органдардың қызметін қаржыландыру үшін белгіленген шектерде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар вице-министрдің айтуынша, орталық және жергілікті органдардың тәуелсіздігін арттыруға баса назар аудара отырып, бюджетті қалыптастыруға қатысты көзқарастар қайта қаралады.

"Қосымша кіріс көздері орталықтан бір мезгілде шығыс өкілеттігін беру арқылы жергілікті деңгейлерге аударылады. Бұл аймақтардың өзін-өзі қамтамасыз етуі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл бағытта реформалар жалғасып жатыр. Жаңа Бюджет кодексі әзірленіп жатыр. Осы жұмыстың бір бөлігіне блоктық бюджеттің жекелеген элементтерін енгізу пысықталып жатыр", - деді Тимур Жақсылықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу