Елімізде өлім-жітім көрсеткіші бойынша СҚО басым түсіп тұр

374

Биыл өңірде  2923 адам қайтыс болған.

Елімізде өлім-жітім көрсеткіші бойынша СҚО басым түсіп тұр Фото: inbusiness.kz

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 2791 нәресте дүниеге келсе, осы аралықта 2923 адам қайтыс болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, биылғы 1 шілдедегі жағдайға сәйкес облыста 532,7 мың адам тұрады. Оның ішінде 48,7% қалалықтар, бұл – 259,3 мың адам, ауылдықтардың үлесі 51,3% немесе 273,4 мың адам.

Биыл қаңтар-маусым ішінде 2791 нәресте дүниеге келді. Олардың ішінде 1420-сі – ұл, 1371-і - қыз. Нәрестелердің 41,9% облыс орталығында туған.

Облыс аудандары арасында ең жоғары туу коэффициенті Уәлиханов, Ақжар, Мамлют және Тайынша аудандарында. Облыс бойынша ең төмен туу көрсеткіші Есіл, Тимирязев және Аққайың аудандарында тіркелген.

2023 жылдың қаңтар-маусымында 2923 адам қайтыс болды. Халықтың негізгі өлім себептері арасында 16,9% - қан айналымы жүйесінің аурулары, 14,3% -тыныс алу органдарының аурулары, 8,6% - ас қорыту органдарының аурулары, 8,2% - жаңа өскіндер, 6,4% - жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттану алады.

Өлім-жітім коэффициенті облыс бойынша 11,06 промилле.

Жарты жылда өңірде 1380 неке тіркелді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының деректері бойынша, некені бұзу туралы сот шешімінсіз 310 жұп ажырасып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу