Елімізде салық көлемі артты

Енді қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарнасы 10% емес, 10,5% болады.  

Елімізде салық көлемі артты Фото: canva.com

Өйткені, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық заңнамасына қатысты жаңа өзгерістер күшіне еніп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен, елімізде 1 қаңтардан бастап:

  • Әлеуметтік аударымдар мөлшері – 3,5%-дан 5%-ға дейін;
  • Әлеуметтік салық мөлшері – 9,5%-дан 11%-ға дейін;
  • Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы – 1,5%-дан 2,5%-ға дейін;
  • Қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарнасы (бір төлемнің бөлігі ретінде) – 10%-дан 10,5%-ға дейін;
  • Жалпы бірыңғай төлем мөлшері – 21,5%-дан 23,8%-ға дейін өсті.

Еске салайық, бұған дейін елімізде зейнетақы мөлшерінің қанша пайызға өскенін хабарлаған едік

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу