Елімізде шамамен 1,7 мың интернет-дүкен жұмыс жасайды

1055

Елімізде шамамен 1,7 мың интернет-дүкен жұмыс жасайды

Елімізде шамамен 1 мың 700 интернет-дүкен жұмыс жасайды. Бұл 71 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Үкімет отырысында  электронды коммерцияны дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір елімізде логистикалық хабтар мен сұрыптау орталықтарын құру жұмысы басталып кетті. Бірінші орталық биыл сәуір айында Астанада іске қосылды. Нәтижесінде өңделген сәлемдемелердің саны 20 пайызға артпақ. Ал сәлем-сауқатты пошта арқылы елімізге жеткізу уақыты 15 күннен 6 күнге дейін қысқарады.

Жалпы 2022 жылға қарай елімізде электронды сауда саласында 200 мың жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Бұл – "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі.

"Поштаға қатысты сенімділік көрсеткішін арттыру да басты назарда. "Қазпошта" АҚ Астана қаласындағы базасында электронды коммерциядағы бизнестің құзыреттілігін арттыру үшін коммерция орталығы ашылды. Орталықта сервистік онлайн сауда, білім беру бойынша сервистік қызметтер көрсетіледі. Осы сияқты орталықтарды 2018 жылдың шілде айында Алматы қаласында, ал қыркүйекте Қарағандыда ашу жоспарланып отыр", - деді  ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу