Елімізде тағы екі кәсіби мереке пайда болмақ

499

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті толықтыруларды әзірледі. 

Елімізде тағы екі кәсіби мереке пайда болмақ Фото: Inbusiness.kz

Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

"Кәсіби мерекелер тізбесі "Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпан"; "Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісі" тармақтарымен толықтырылсын", - делінген бұйрық жобасында.

Құжатқа қоса берілген негіздемеде көрсетілгендей, 1991 жылдың 1 ақпанында Алматы әуежайында елімізде алғаш рет авиациялық қауіпсіздік қызметі құрылған. Бүгінде бұл салада 3 мыңнан астам маман еңбек етеді.

Бұдан бөлек елдің кәсіби мерекелерінің тізімінде бұрғылаушылар күнін атап өту және осындай күрделі кәсіп қызметкерлерін құрметтеудің жаңа дәстүрін енгізу орынды екені туралы да айтылған.

Осылайша жаңартылған тізім бойынша елдегі кәсіби мерекелердің жалпы саны 55-ті құрамақ.

Құжатты жария талқылау 2 қарашаға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу