Елімізде Tynysbelgi.kz және Sinonim.kz сайттары іске қосылады

328

Қос платформа жылдың соңында іске қосылады.  

Елімізде Tynysbelgi.kz және Sinonim.kz сайттары іске қосылады Фото: tbi.kz

Тіл білімі институтының мамандары қазақ тіліндегі тыныс белгілерін көрсететін TYNYSBELGI.KZ және синоним сөздерді топтастырған SINONIM.KZ сайтын әзірлеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап. 

Мәселен, "Тыныс белгі" сайтына ешқандай пунктуациясы қойылмаған мәтінді енгізсеңіз, қазақ тілінің орфографиялық емлесіне сай тыныс белгінің қолдану аясын көрсетеді.

Ал "Синоним" сайтында сөздік қорға бай қазақ тіліндегі мағыналас сөздер топтастырылады. Мәселен, құлшыну - белсену, жабу - кілттеу. Осы секілді сайттан 40 миллионға жуық мәндес сөзді тауып алуға болады. Биыл қазақ тілі электрондық қоры 70 миллион сөзбен толықтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу