Елімізде вакцина салдырғандар саны 3 млн-нан асты

851

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың хабарлауынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның  1-компонентін  5 098 010 адам,  2-компонентін 3 170 893 адам салдырды.

Елімізде вакцина салдырғандар саны 3 млн-нан асты

Айта кетсек, бүгінде еліміз бойынша 2 мыңнан аса егу пункті бар.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұрғындарға коронавирусқа қарсы екпені тезірек алуға кеңес береді. Министрдің пікірінше, коронавирусқа қарсы вакцина аурумен күресуге септігін тигізеді.

"Ол аурудың асқынуына жол бермейді. Адам ауруды жеңіл түрде өткереді. Жағдайы орташа науқастар өте аз болады. Сондықтан тегін вакцина алуға мүмкіндік беріліп отыр. Вакцинаны күтпеңіздер. Жаңа екпе келеді, оны аласыздар. Қазір екпе алу маңызды болып тұр. Себебі, басқа амал жоқ. Басқа елдерге қараңыздаршы. Онда екпе алған тұрғындар аурудан өліп жатқан жоқ. Бұл өте маңызды. Сондықтан (екпе егу пунктіне – автор) барып, вакцина алу керек. Мұндай мүмкіндік барлық елде жоқ", – деді Алексей Цой.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу