Елімізде заңсыз тауар айналымы көбейді

1247

Мамандар контрафакт тауарлардың саны шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланғалы бері артқанын айтады. 

Елімізде заңсыз тауар айналымы көбейді

Бизнесті тексеруге мораторий жарияланғалы бері контрафакт тауарлардың айналымы күрт өскен. Бұл туралы Алматыда интеллектуалды меншік құқығы бойынша өткен жиында айталды. 

Заңгер Андрей Ерш жыл басынан бері 6 ірі компания өз өнімдерінің жалған нұсқаларының таралғанын хабарлап, құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінгенін айтады. Сондықтан маман тексерісті тоқтату тетіктерін жетілдіру керек деп есептейді.  

"Контрафакт тауарлар брендттердің іскерлік абыройына нұқсан келтіруде. Сонымен қатар ол тұтынушылардың денсаулығына зиянын тигізіп, құқықтарын аяқ асты етеді. Жалпы тексерістерді тоқтату идеясы жақсы. Алайда мораторий тетіктерін әлі де жетілдіру керек деп есептейміз. Мәселен, қазір біз тауар белгісінің құқығы бұзылған жағдайда әділет басқармасына шағымдана алмаймыз. Өйткені, мораторий жарияланған", – дейді заңгер. 

Жалпы елімізде 140 мыңнан астам тауар белгісі тіркелген. Бірақ соңғы кезде брендтердің авторлық құқығы жиі бұзылатын болған. Яғни олардың атын жамылып, жалған тауарлар шығаратындар көбейген. Мәселен өткен жылы тек Нұр-Сұлтанда ғана жалпы құны 8 млн теңгеге заңсыз тауар тәркіленген. Оның 3,7 млн-ы-тондар. Бұл ретте брендттердің өнімдерін қолдан жасайтын немесе заңсыз тасымалдайтындардың 90%-ы шағын және микробизнес өкілдері екені анықталған. 

Ал шетелден заңсыз келетін тауарлардың 63%-ы Қытай, Гонконг, Түркия, Сингапур, Тайланд, Үндістан және Мароккода жасалған. Елімізге көбінесе көлік бөлшектері, тұрмыстық химия және дөңгелектер заңсыз әкелінеді. Сондай-ақ бұл тізімде техника мен азық-түлік те бар. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу