Елімізде заңсыз жүрген Нигерияның 2 азаматы анықталды

Оларды қазақстандық тарап шақырып, құжаттарын рәсімдемеген. 

Елімізде заңсыз жүрген Нигерияның 2 азаматы анықталды Фото: Turkystan.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

"Көші-қон саласындағы бұзушылықтардың едәуір бөлігі шетелдіктерді рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа тартумен байланысты. Мысалы, Алматы, Атырау қалаларының құрылыс нысандарында заңсыз еңбек еткен 95 шетелдік анықталды. Құрылыс нысандарында шетелдіктердің еңбегі заңсыз пайдаланылған Астана, Шымкент қалаларында, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында да осындай фактілер белгілі болды. Еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған шетелдіктер мен олардың жұмыс берушілері жауапқа тартылды", – деп хабарлады ІІМ.

Сондай-ақ, Атырау облысында бірнеше рет заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс беруші анықталды, оған қатысты ҚР ҚК 395-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Сонымен қатар, заңды тұлғалар шетелдіктерді елге түсініксіз мақсаттар үшін шақыратын және болашақта олардың уақтылы кетуі бойынша шаралар қабылдамайтын үрдіс байқалады.   Мәселен, Батыс Қазақстан облысында Нигерияның 2 азаматы және Түркияның 7 азаматы анықталды. Олар елде болу мерзімдерін бұзған. Құқық бұзушылық материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", – деп хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу