Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеке жалға берілетін тұрғын үй нарығын құру бойынша өз ұсыныстарын дайындап жатыр.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Бізде жалға берілетін тұрғын үйдің 2 түрі бар. Біріншісі мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға беріледі. Екіншісі – жеке секторда орналасқан жалға берілетін тұрғын үй нарығы, оны ешкім реттемейді. Ең алдымен жалға берілетін тұрғын үйді реттеу керек пе, жоқ па – соны анықтап алған жөн. Мен бұл қызмет түрін әкімшілік реттеуге үзілді-кесілді қарсымын. Біз жеке жалға берілетін тұрғын үй нарығын құру бойынша ұсыныстарымызды дайындап жатырмыз", – деді спикер.
Министр бұл тек ведомствоның ұсынысы екенін атап өтті.