Ресейден мигранттардың ағылуы тұрғын үй бағасына әсер ете ме?

559

Ресейден мигранттардың ағылуы тұрғын үй бағасына және жаңа тұрғын үй құрылысына әсер ете ме? Журналистің сұрағына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.  

Ресейден мигранттардың ағылуы тұрғын үй бағасына әсер ете ме?

"Біріншіден, елімізде шетелдіктердің тұрғын үйге меншік құқығы жоқ. Сондықтан тұрғын үй құны түбегейлі өзгерді деп айту қиын. Пәтер жалдау ақысы өсті. Бірақ, мұның бәрі уақытша деп ойлаймын", - деп қысқа қайырды министр.

Айта кетейік, еліміздің бірқатар өңірінде пәтер жалдау құны шарықтап кетті. Кейбір арендаторлар бұрын пәтер жалдап тұрған азаматтарды ығыстырып, үйлерін мигранттарға 2-3 есеге қымбатқа берген.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу