Елімізде жанар-жағармайдың жаңа шекті бағалары белгіленді

1408

Энергетика министрі арнайы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Елімізде жанар-жағармайдың жаңа шекті бағалары белгіленді

"Бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы No 361 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Жаңа құжатқа сәйкес, Қазақстанның барлық аймағында жанармай мен дизель отынының шекті бағасы өзгереді.

Осылайша, АИ-80-нің шекті бағасы литріне 89 теңгені құрайды;

 2) АИ-92 және АИ-93:

 Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – литріне 187 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – литрі 182 теңге;

 3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық):

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында – литріне 260 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – литрі 230 теңгеден.

Бұл ретте АИ-95 және қысқы дизель отынының бағасын реттеу қолданылмайды.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және күнтізбелік 180 күн ішінде қолданылады. Яғни, мұндай бағалар 2023 жылдың қаңтар айының басына дейін бекітіледі.

Құжатта мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу көрсеткіші мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік бағасы, еуропалық нарықтарға тасымалдау шығындары, акциздер, операциялық және басқа да шығыстар ескерілетін формула бойынша айқындалатыны атап өтілген.

Мәселен, "қара алтынның" барреліне 130 доллар құнын есептегенде шекті бөлшек сауда бағасы: АИ-92 маркалы бензин – литріне 236 теңге, дизель отыны – литріне 420 теңге болады.

АИ-92 маркалы бензин бағасының 54 теңгеге күрт өсуі халыққа салмақ салатынын ескере отырып, 2025 жылға дейін (ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары жұмысының басталуы) АИ-92 және АИ-93 жанармайының бөлшек саудадағы шекті бағасын біртіндеп өсіру ұсынылды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу