Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Сенат кулуарында жемқорлардың елден шығуына тыйым салатын ықтимал нормаға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сөзінше, мұндай түзету тек ауызша айтылған, ресми түрде жұмыс тобына келіп түспеген.
"Алайда екінші оқылымға дейін уақыт бар. Жұмыс тобының бірнеше рет отырысы өтеді. Депутаттар бастамашылық жасаған жағдайда, біз оны қарастырамыз. Осы заң жобасында бұл ұсынылған жоқ", – деді вице-министр тілшілердің сауалына берген жауабында.
Күні кеше Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мен оған ілеспе түзетуді бірінші оқылымда қабылдады.
Айта кету керек, осыған дейін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Азат Перуашев жемқорларға шетелге шығуға тыйым салуды ұсынғанын жазғанбыз.