Елімізде жұмыртқа тапшылығы туындауы мүмкін бе?

838

Қазақстанда 35 құс асырау кешені жұмыс істеп тұр.

Елімізде жұмыртқа тапшылығы туындауы мүмкін бе?

Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметовтың айтуынша, елімізде қазір жұмыс істеп тұрған фабрикалар ішкі нарықтарғы сұранысты толық қанағаттандырады. 

"Бүгінде елімізде 35 құс асырау кешені жұмыс істеп тұр. Олардың ішкі нарық қажеттігін толық қанағаттандыра алады. Сондай-ақ, экспортқа да өнімін шығаруға қаухарлы. Қазақстанның құс фабрикалары жылына 5 млрд жұмыртқа өндіреді. Ішкі нарық сұранысы 106%-ға өтелуде", – деді департамент директоры. 

Жыл басынан бері елімізде жұмыртқа бағасы 5%-ға арзандаған. 

"Карантин шараларына байланысты СҚО-дағы 5 факбиканың екеуінің қуаты төмендеді. Алайда шектеулер енгізілгенімен өзге құс фабрикалары бұл қажеттілікті жабады. Облыста өзін-өзі толықтай жұмыртқамен қамтамасыз етіп отыр", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу