Елімізде жұмыспен қамтылғандар арасында жастардың саны азаюда - сарапшылар

913

Ал, жұмыс істейтін зейнет жасына дейінгі адамдар үлесінің артқаны байқалып отыр. 

Елімізде жұмыспен қамтылғандар арасында жастардың саны азаюда - сарапшылар Фото: ШколаЖизни.ру

Ұлттық статистика бюросы өткен жылдың үшінші тоқсанында жүргізген зерттеуге сәйкес, жұмысы немесе табысты кәсібі бар қазақстандықтардың саны 9 млн-ды құраған. Бір жылда олардың саны 1,8%-ға артқан. Олардың ішінде жалдамалы қызметкерлер саны 6,8 млн адамды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,3%-ға артық. Бұдан басқа  өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 2,1 миллион адамды құрап, айтарлықтай өзгере қоймады, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Жалпы жұмыс күшінде жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 95,1% болса, 15 және одан да жоғары жастағы адамдардың үлесі 65,5%-ды құраған.

Жас ерекшеліктеріне байланысты қарастырсақ, секторда жұмыспен қамтылған халықтың басым бөлігі 25-34 жас аралығындағы жастар: 2,6 млн адам. Тағы 2,4 миллионы 35-44 жас аралығындағы қызметкерлер. 25-34 жас аралығындағы жұмыспен қамтылғандардың саны бір жылда 1,5%-ға азайса, 35 жастан 44 жасқа дейінгі жұмысы бар азаматтардың саны 7,5 пайызға өскен.

Бұдан басқа 16 жастан 24 жасқа дейінгі жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 2,8 пайызға, 995,3 мың адамға дейін қысқарды. Жұмысы немесе табысты кәсібі бар жастар саны (15 жастан 34 жасқа дейін) бір жылда 1,9%-ға азайған.

Ресурстың жазуынша, жұмыспен қамтылған зейнет жасына жақындағандардың (55 жастан 64 жасқа дейін) саны 3,8%-ға, 1 млн адамға дейін ұлғайды.

Қосымша табыс үшін көп жұмыс істегісі келетін азаматтар саны үш жыл қатарынан азаюда. 2022 жылы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санындағы олардың үлесі 2,4%-ға, 211,3 мың адамға дейін қысқарды. Оның ішінде 129,7 мыңы ерлер болса, 81,7 мыңы – әйелдер.

Осыған дейін қосымша табыс үшін көп уақыт жұмыс істегісі келетін ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылық айтарлықтай байқалмаған. 2018 жылдан 2021 жылға дейін ерлер үлесі 12,6-24 пайызға артық болса, былтыр бұл айырмашылық 58,7%-ға жетті.

Ақпаратқа сәйкес, 95,6 мың адам табысты арттыру мақсатында өзінің негізгі жұмыс орнында көбірек жұмыс істеуге дайын. Олардың саны бір жылда 34,7%-ға азайған.

Тағы 31,6 мың адам ұзақ жұмыс уақыты бар басқа жұмысты қалаған, олардың саны екі есеге көп болды.

Ал, 25,6 мың адам өзінің негізгі қызметінен бөлек қосымша жұмыс істегісі келген. Десек те, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 23,5%-ға аз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу