Елімізде жылу маусымы қалай өтті? - министр жауабы

235

Ведомство басшысы жылыту маусымы штаттық режимде өткенін хабарлады.  

Елімізде жылу маусымы қалай өтті? - министр жауабы Фото: IStock

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы жылу маусымына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Қазақстанда жылу маусымы штаттық режимде өтті. Былтыр оның қалай өткені естеріңізде болар. Екібастұз, Риддер, МАЭК, Степногорсктегі жетекші электр желілерінде ірі апаттар болды. Жалпы статистикаға сүйенсек, жылу маусымы қалыпты өтті”, - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, жекелеген жағдайлар бойынша министрліктің тиісті комитетінде комиссия құрылып, талдау жұмыстары жүргізілетін болады.

Алмасадам Сәтқалиев Көкшетау, Семей  және Өскеменде көмірмен жанатын жылу электр орталығын салу жобалары бойынша Ресеймен үкіметаралық келісім жасасу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін биыл “Талдықорған-Үшарал” магистральдық газ құбырының құрылысы басталатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу